Тәртіп бәріне ортақ па? І Күн тәртібі І 12.05.2022

Жеке мектеп болғасын – бұларға «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмайтыны анық. Елде жекенің қаржысына салынған осындай білім беру орындары көбейіп барады. Былтырғы дереке сенсек, бізде 7 жарым мыңға жуық мектеп бар. Соның 400-ін осындай қалталы адамдар салған. Жеке мектептердің дені – Түркістан облысында. Сосын, Шымкентте көп. Адам көп шоғырланған орындарда.