Экономиканы ырықтандырудағы жүйелі шаралар

Спикерлер:

Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты;

Сәбит Рысбаев, экономист;

Арман Евниев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы кедергілерді жою жөніндегі кеңестің төрағасы;

Ернұр Жәутікбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының орынбасары;

Асхат Жапсарбай, тариф пен баға бекіту саясаты бойынша халықаралық эксперт;

Экономиканы ырықтандырудағы негізгі мақсат:

Бәсекелестікті дамыту;

Экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту;

Бизнес шығындарын азайту;

Кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз ету;

Жоспарланған шаралар:

Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрылады;

«Самұрық-қазына» әл-ауқат қорындағы корпоративтік басқару мен сатып алу процестерін жетілдіру;

Квазимемлекеттік ұйымдардың коммерциялық қызметінің қолжетімділігі, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету мен автоматтандыру;

Тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту;

Бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге басымдық беру;

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға:

756 мың адам қатысты;

Субсидияланатын жұмыс орындарына 198,3 мың адам орналастырылды;

Әлеуметтік жұмыс орындарымен – 17,4 мың;

Жастар практикасымен – 33,9 мың;

Қоғамдық жұмыстармен – 121,4 мың;

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында – 9,9 мың;

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында – 493 адам;

«Күміс жас» жобасы аясында – 15,2 мың адам жұмыспен қамтылды;

Ұлттық жоба аясында:

«Бастау бизнес» жобасымен – 133,4 мың адам оқыды;

99 мың адам – сертификаттар алды;

143,9 мың адам – әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті;

9102 адам – жаңа бизнес бастауға 400 АЕК (1 380 000 теңге) гран алды;