Ел шебін ғасыр бойы қорғаған шекара

Зайсан аудандық шекара басқармасы. 1 ғасырлық тарихы бар құрылым. Осыдан 100 жыл бұрын еліміздің шығыстағы шекарасын қорғау ісі дәл осы жерден басталған болатын. Ал кеңес одағы ыдырағаннан кейін егеменді еліміздің ұлттық шекара әскерлерін құру ісі де осы Зайсанның негізінде жүргізілген болатын. Бүгінгі шығарылымда біз 1 ғасырлық мерейтойын атап өтіп жатқан Зайсан аудандық шекара басқармасы жайлы айтатын боламыз.