2024 жылы әскерде қандай жұмыстар атқарылды?

Айбынды армия – тәуелсіздік кепілі! 2024 жылы Қарулы Күштер үшін дәл осындай ұранмен өтті. Ел әскерін дамытудың басты қағидаты саны жағынан аз, бірақ елдің аумақтық тұтастығын қорғай білетін қауқарлы армия құру болып табылады. Ол үшін Қарулы Күштерде қандай жұмыстар атқарылды? Бүгінгі шығарылымда 2024 жылы әскерде атқарылған жұмыстарды қорытындылайтын боламыз.