Ақтаудағы ұшақ апаты: Бразилияда қара жәшікті тексеру басталды

Ақтауда әуе апатына ұшыраған Embraer-190 ұшағындағы қара жәшік Бразилияға жеткізілді.

Бұл туралы бразилиялық Жоурнал Нэйшнл Jornal Nacional ақпарат агенттігі хабарлады. Қара жәшіктердегі деректер Бразилия әскери әуе-күштерінің, Авиациялық оқиғаларды зерттеу және алдын алу орталығының, сондай-ақ, Қазақстан, Әзербайжан, Ресейден барған арнайы мамандардың қатысуымен талданатын болады. Борттағы жазбалар Azerbaijan Airlines компаниясына тиесілі ұшақтың рейсінің не себепті бағыты өзгергенін түсіндіруге көмектеседі. Алынған мәліметтер Қазақстандағы авиаоқиғаларды зерттеу басқармасына беріледі.