Саясаттанушы: Мемлекет басшысының бағдарлы Жолдауы Қазақстанның дамуына септігін тигізері сөзсіз

Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттердің орындалуынан қандай нәтиже күтуге болады? Отандық ғалымдар мен саясаттанушылар осы сауал төңірегінде ой толғады.

Саяси ғылымдар докторы Юрий Булуктаевтың пікірінше, Мемлекет басшысының бағдарлы Жолдауы Қазақстанның дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Юрий Булуктаев, саяси ғылымдар докторы, ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері:

- Бірінші кезекте, бұл құжат Қазақстан дамуын жаңғырту жолына бағыттауға негізделген. Сондықтан да оның атауы экономикалық саланы Үшінші жаңғырту деп аталады. Сондай-ақ бұл Жолдаудың жалпы сипаттамалық өзіндік бояуы бар. Яғни тек Үкімет, Парламент, мемлекеттік қайраткерлердің ғана жауапкершілігін арттырмайды. Қазақстанның дамуын жаңғырту жолында бүкіл ел азаматтарының жұмыла жұмыс істеуге үндейді.