НАТО саммитінде не айтылды? | Әлем

- Украина шекарадан өткізу пунктілерінде өзге елдің азаматтарын тексеруді күшейтті. Еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды эвакуациялауды жалғастырып жатыр. Украинадан тілшіміз Аида Қыдырбай соңғы ақпаратты жеткізеді. 

- Брюссельде НАТО саммиті өтті. Украина президенті Владимир Зеленский альянс басшыларына үндеу жолдады. АҚШ пен НАТО одақтастары Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдады ма? 

- Бельгия астанасында Еуропалық Одақтың да саммиті өтті. Кездесуде талқыланған басты тақырыптың бірі Ресейдің мұнайы, газы және көміріне тәуелділікті азайтып, олардан қалай жылдамырақ бас тарту болды.