Украинада 12 миллионнан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж | Әлем
Әлемдік геосаяси ахуал ушығып тұр. Украинадан қашқан босқындар саны күннен күнге артып жатыр. Ондағы жағдайды елестетудің өзі қорқынышты. Ал, Біріккен Ұлттар ұйымы әлем халқының бестен біріне аштық қаупі төніп тұрғанын айтты.
Украинада 12 миллионнан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж. Шартарапқа ағылған босқындардың дені – әйелдер мен балалар.
Жаһан елдері Ресейге қысым көрсетуді жалғастыра беретінін айтты. ЕуроОдақ санкциялардың алтыншы пакетін қарастыруы мүмкін.
Францияда Президент сайлауының ақтық кезеңі өтіп жатыр. Екі кандидатты да басшылыққа лайық көрмеген сары жейделілер ереуілге шықты.