Түркиядағы құрылыс жұмыстарының сапасына сын көп | Әлем

Түркияда жерасты дүмпулері әлі жалғасып жатыр.

Қазір бүкіл әлем назары осы Түркияда. Қаза тапқандар саны күн санап артып барады. Уақыт өте келе үйінділер астында жатқандардың аман қалу мүмкіндігі азайып барады. Алайда мамандар жоғалғандардың барлығы табылмайынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатпаймыз дейді.

Көршілес Сирияда да жер сілкінді. Табиғат апаты қарулы қақтығыстан қажыған араб мемлекетінің тұрғындарына жығылғанға жұдырық болды.

Ал АҚШ пен Қытайдың қарым-қатынасы қайта нашарлай түсті. Бұл жолы оған әуе шары себеп.

Ұлыбританияда наразылық шаралары басылмай тұр. Медицина қызметкерлері жұмыстың орнына ереуілге шығып, мыңдаған адам жоспарлы операциясын жасата алмай әлек.

Өзбекстанда бала еңбегі қаналуда. Алайда оған балалардың өздері де, ата-аналары да қарсы емес.

Испанияда пластик бұйымдарын қайта өңдеуге қатысты жаңа ережелер бекітілді.

Бішкекте ауадағы зиянды заттар тағы да қауіпті межеден асып кетті.