Мемлекеттік қызметкерлерге TiKTok қолдануға тыйым салынды / Әлем
- Өзбекстанда педофилдерге қатысты заңды күшейту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Бұл ретте химиялық кастрация жасау қажеттігі туралы айтылып келеді. Мұндай жаза елде бұрын-соңды қолданылмаған.
- Осы аптада Брекзиттің күшіне енгеніне 3 жыл болды. Экономикалық дағдарыс пен мигранттар нөпірі салдарынан британдықтар Еуроодақ құрамынан шығуды қолдап дауыс берген еді. Алайда қазір корольдік жұрты оң өзгерістер көріп отырған жоқпыз дейді. Сондықтан неге одақ құрамына қайта кірмеске деген ой жиі айтылып жатыр. Сөйтіп елді кейінгі 12 жылда болмаған ірі ереуілдер жайлады.
- Францияда да наразылық акцияларының толастайтын түрі жоқ. Жұрт зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы жаңа заң жобасына қарсы.
- Иранда ғашықтар көшеде бии билеймін деп 10 жылға сотталды.
- TikTok өскелең ұрпақтың идеологиясын өзгерте ме? Әлеуметтік желі қаншалықты қауіпті? Бұл туралы сарапшылар не дейді?