Хатайда барлық дерлік ғимарат бүлінген | Әлем
- Түркиядағы жойқын зілзаладан кейін бір ай өтті. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталған. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар 200 миллион тонна қоқыс шығуы мүмкін екенін ескертеді. БҰҰ "Ғасыр апаты" деп жариялаған жер сілкінісінен келтірілген материалдық шығын 100 миллиард доллардан асатынын айтады.
- Осы аптада Грузиядан маза қашты. "Шетелдік агент" туралы заң жобасы ел арасына жік салды. Жаппай ереуілдерден кейін даулы құжат кері қайтарылды.
- Ұлыбританияда көші-қон туралы заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Құқық қорғаушылар ол этикалық нормаларға қайшы келетінін айтады.
- БҰҰ: Ерлер мен әйелдер теңесу үшін 300 жыл қажет.
- Ресейлік туристер демалыс орны ретінде Өзбекстанды таңдайды.