«Жаңа Ташкент» ақ жағалылар қаласы атанады | Әлем

- Осы аптада банкрот алдында тұрған Швейцариялық Credit Suisse банкін жергілікті ірі қаржы мекемесі сатып алып құтқарып қалды. Осының алдында АҚШ-та бірнеше банктің құрдымға кеткені белгілі. Мұның соңы 2008 жылдағыдай жаһандық қаржы дағдарысына ұласпай ма деген қауіп күшейді.

- Өзбекстанда осы аптада "Жаңа Ташкенттің" құрылысы басталды. 1 миллион адамға арналған шаһарда әуелгіде тек мемлекеттік органдарға кеңсе салу көзделіп отыр. Кейін оқу орындары бой көтеруі тиіс.

- Индонезияда жаңа астананың құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Келер жылы мемлекеттің бас қаласы Джакартадан Нусантараға ауысады.

- Ұлыбританияда бұрынғы басшыға қатысты жанжал әлі жалғасуда. Локдаун кезінде сауық кештерін ұйымдастырып, ішімдік ішкен Борис Джонсонның мәселесін осы аптада Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының арнайы комитеті май шаммен қарады.

- Түркияда тағы да жер сілкінді. Ауғанстанда да зілзала тіркелді.

- Наурыз мейрамы Ұлыбританияда, АҚШ пен Египетте тойланды.

- Әлемнің ең бақытты елдерінің үштігіне Дания мен Исландия кірді. Бірінші орында қай мемлекет?