Тұрғындардың шағымынан кейін Президент жолдың сапасын өзі тексерді | Әлем

- Осы аптада бауырлас елдердің басшылары Анкарада бас қосып, табиғи апат кезінде бірлесе іс-әрекет ету жайын талқылады. Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс өткен саммиті барысында 6 ақпанды Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандарды еске алу күні деп жариялау ұсынысы айтылды.

- Өзбекстанда жолдардың сапасы сын көтермейді. Өйткені көбі ескірген. Сұрхандария облысында тұрғындардың шағымынан кейін Президент автодәліз сапасын өзі тексеру үшін рөлге отырып, алғашқы шақырымында-ақ шұңқырға түсті.

- АҚШ-та екі бірдей банк банкротқа ұшырады. Билік жұрттың жиған-тергені қайтарылады деп сендірді. Алайда соған қарамастан тұрғындар жаппай ақшасын шешіп алып жатыр.

- АҚШ-тың банк дағдарысы Еуропаға да әсер етті. Швейцарияның ең ірі банкі Credit Suisse қаржылық есебінен олқы тұстар анықталды.

- Украиналық шаруалар биыл әдеттегіден аз астық жиналатынын ескертеді. Бұл ретте фермерлер биліктен несие беруін сұрап отыр.