Сайлау алдындағы сауалнама: Президент пен оппозиция жетекшісінің терезесі тең | Әлем
- Бұл аптада Өзбекстанда жалпыхалықтық референдум өтті.
Соның қорытындысы бойынша конституция өзгертілді. Түзетулер заңның 65 пайызын қамтиды. Жерді жекеменшікке беру, өлім жазасын алып тастау, сондай-ақ президенттің өкілеттілік мерзімін ұзарту сынды ұсыныстар қолдау тапты.
- Осы аптада Ұлыбританияда жергілікті сайлау өтті. Тұрғындардың дені билік партиясын емес, оның негізгі қарсыласына қолдап дауыс берген.
- Түркиядағы президент сайлау келер аптада өтеді. Сауаланма нәтижелері қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған мен оппозиция жетекшісі Кемаль Кылычдароглудың терезесі тең екенін көрсетіп отыр.
- АҚШ-та экономикалық ахуал қиындап барады. Сарапшылар Конгресс шара қабылдамаса, маусымға қарай ел қазынасында ақша таусылып, мұның арты дефолтқа әкелетінін ескертеді.