«Қытай - Орталық Азия» саммиті Қазақстанда өтеді. Саммиттің Қытай үшін маңызы қандай? | Әлем
- Қазақстан мен Қытай өзара визалық талаптарды босату турлы келісімге қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптада Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында тиісті шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Сианьдағы "Орталық Азия – Қытай" саммитіне де қатысты. Келесі алқалы жиын Қазақстанда өтетін болды.
- Жапонияда бұл күндері G7 саммиті өтіп жатыр. Кешеден бері 7 елдің басшылары экономика, саясат, қауіпсіздік және климаттың өзгеруі сияқты ғаламдық мәселелерді қызу талқылау үстінде.
- Түркияда президент сайлауының екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр. Сарапшылар бірінші турда Режеп Тайип Ердоғанның жеңіске жете алмауына ең алдымен елдегі экономикалық ахуал себеп болғанын алға тартады.
- Украинада енді қоғамдық көлікте музыка не кино қосуға болмайды. Жолаушылар ән тыңдағысы келсе, арнайы құрылғыларды пайдалануға міндеттеледі.