Монтана штатының губернаторы заңға қол қойды | Әлем

- «Еуразиялық экономикалық одақ халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуі керек. Бұл, одақтың әлемдегі абыройы мен беделін арттыруға сеп болады». Мәскеуде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

- Ертең Түркияда президенттік сайлаудың екінші туры өтеді. Додаға осы елдің қазіргі президенті Режеп Тайып Ердоған мен оппозиялық партиялар атынан Кемаль Кылыч-Дароғлу түседі. Шет елдерде тұратын түрік ағайындар өз таңдауларын жасап қойды.
- Украина тұрғындары былтыр бірақатар салықтан босатылған еді. Биыл солар қайта енгізілетін болды. Тұрғындар мұның бәрі азық-түліктің қымбаттауына әкеп соқтыра ма деп алаңдаулы.
- Енді Ұлыбританияда білім алатын шетелдік аспиранттар корольдікке өзімен бірге отбасы мүшелерін алып бара алмайды.
- Монтана губернаторы өз штатында TikTok-қа тыйым салу туралы заңға қол қойды. Бұл АҚШ-та танымал желінің қосымшасын жүктеуге тыйым салатын бірінші заң.