Швеция халқының небәрі 5,6% шылым шегеді | Әлем
Осы аптада Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда өткен «Орталық Азия-Еуроодақ» форматындағы екінші саммитке қатысып, Қазақстан мен тұтас аймақтың Еуроодақпен ендігі етене араласу тетіктерін бір пысықтап алды.
Тараптар транспорттық логистика, жасыл экономика, білім саласында серіктестік орнатуға мүдделі.
Осы аптада АҚШ-та үкіметтің қарыз алу құқығын 2025 жылдың қаңтарына дейін ұзартатын заң жобасы мақұлданып, дефолттың алды алынды. Бірнеше айға созылған талас-тартыс дефолтқа жол бермеу үшін белгінеген мерзімге бес күн қалғанда аяқталды.
Осы аптада Корей түбегіндегі ахуал ушығып кетті. Пхеньян әскери барлау жер серігін ұшырамын деп біраз дүрбелең туғызды.
Балқан түбегінде де тыныш болмай тұр. Еуропалық Одақтың арағайындығымен өзін-өзі жариялаған Косово мен Сербия билігі келіссөздер бастауға келісті.
Швеция өзін темекі түтінінен азат ел деп жариялауға жақын қалды. Жоспар бойынша 10 миллион тұрғыны бар елде шылым шегетіндердің үлесі 5 проценттен аспауы тиіс.