Өзбекстан мен Ауғанстанның Әмударияға қатысты ортақ келісімге келуі қиындап барады | Әлем
- Осы аптада Түркияның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені көтерді. Қаржы мекемесі 2 жыл бойы одан бас тартып келген. Алайда сарапшылар инфляцияны тежеудің басқа амалы жоқ екенін айтады.
- Англия банкі пайыздық мөлшерлемені осымен 13 рет қатарынан көтеріп отыр. Сөйтіп ол 4,5 проценттен 5-ке жетті. Бұл 2008 жылдан бері болмаған жағдай.
- Өзбекстан мен Ауғанстан Әмударияға қатысты ортақ келісімге келе алмай отыр. Тәліптер басқаратын үкімет трансшекаралық өзен суын елдің оңтүстігіне бұруды көздейді. Бұған өзбек билігі алаңдаулы.
- Атлант мұхитында жоғалып кеткен сүңгуір қайықты іздестіру-құтқару жұмыстары апта бойы әлем назарында болды. Титаникті өз көзімен көргісі келген туристер мінген аппарат жексенбі күні жолға шығып, көп ұзамай радарлардан жоғалып кеткен.