Өзбекстанда бетін жауып жүрген қыз-келіншектерге айыппұл салынады
- Осы аптада әлем назары Астанаға ауды. Елордаға ресми сапармен Франция Президенті мен Венгрия Премьер-министрі келді. Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті өтті.
- Өзбестанда қыз-келіншектерге бет-жүзін жасыратын киім киюге тыйым салынды. Енді қоғамдық орында түр-әлпетін көрсетпей, тым жабық киінгендер айыппұл арқалайды. Оның мөлшері 5 млн сом, яғни біздің валютаға шаққанда 200 мың теңге.
- Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстың жалғасып жатқанына бір айға жуықтап қалды. Израиль әскері Газа қаласында құрлықтағы операциясын жүргізіп жатыр. ХАМАС өкілдері 600 адамның өңірден кетуіне рұқсат берді.
- Адамзат тарихында алғаш рет жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша саммит өтті.