Өзбекстанда да қызылша өршіп барады. Ұлыбританияда доңыз тұмауы анықталды | Әлем
- Осы аптада Израиль билігі мен ХАМАС қозғалысы арасындағы оқ атпау тәртібі аяқталды.
Екі тарап уақытша бітімді бұзғаны үшін бір-бірін айыптады. Ал халықаралық қауымдастық оны ұзарту керектігі айтып дабыл қағуда. Өйткені Газа Секторында қазір түрлі аурулар өршіп барады. 110 мыңнан аса адамда респираторлық инфекциялар, 2 мыңында қотыр, екі жарым мыңында тері аурулары, тағы осыншамасында шешек анықталған.
- Ұлыбритания мен Грекия арасында дипломатиялық дау ушықты. Өйткені премьер-министр Риши Сунак елге келген грек әріптесі Кириакос Мицотакиспен кездесуден бас тартты.
- Өзбекстанда да қызылша ауруы өршіп барады. Әсіресе жасы әлі бірге толмаған сәбилер арасында дертті жұқтырғандар көп.
- "Окупастар" қаптап кетті. Испанияда өзгенің үйіне кіріп алып, кейіннен шықпай қоятын адамдар күрт көбейіп кетті. Тіпті полицейлердің өзі оларды шығара алмай әлек.