2023 жылдың басты оқиғалары
- 2023 жыл саяси оқиғаларға толы болды: Көктемде Суданда соғыс басталды. Жазда Африканың екі бірдей елінде әскери төңкеріс болды. Финляндия НАТО құрамына өтті. Таулы Қарабақ мәселесі шешілді. Таяу Шығыста қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр.
- Биыл көп елді қымбатшылық жайлады. Сондықтан пайыздық мөлшерлеме көтерілді. АҚШ пен Еуропада ірі банктер банкротқа ұшырады. Енді келер жылға болжам қандай?
- Биыл Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі елдің есін шығарды. Ливиядағы алапат су тасқынынан 11 мыңнан аса адам опат болды. Ал Канадада биыл 6,5 мыңнан аса орман өрті тіркелді.
- ChatGPT жыл жаңалығы болды. Биыл адамның өмірін жеңілдететін түрлу роботтар жасап шығарылды.