Орталық Азиядағы қуаңшылық мәселесі ушығуы мүмкін
- Бұл аптада Дубайдағы климат жөніндегі халықаралық саммит аяқталды.
Қатысушылар 2030 жылға қарай жел мен күн электр станцияларының санын 3 есе ұлғайтуға келісті. Бұдан бөлек көмірқышқыл газы мен метан көлемін қысқартуға міндеттелді.
- Ауғанстанда салынып жатқан "Қоштепа" арнасында апат болды. Бөгет қысымға шыдас бермей жарылып, салдарынан дария суы ен далаға ағып жатыр. Онсызда тіршілік нәріне тапшы болып отырған Орталық Азия елдері жағдайға алаңдаулы.
- Испанияда күн 30 градусқа дейін ысыды. Бірақ бұған қуанып жатқандар шамалы.