Пенопласт өндірісі

Заманауи құрылыста қолданылатын материалдар саны шектеусіз. Ал соның бірегейі пенопласт болып табылады. Себебі оның ерекше құрылымы ғимаратты жылы ұстауға, артық дыбыстан оқшаулауға септігін тигізеді. Сондай-ақ, пенопласттың бағасы да басқа құрылыс материалдарымен салыстырғанда қолжетімді.мБүгінгі бағдарлама пенопласт өндірісі жайында.