Ішкөйлек пен жеңіл жейде өндірісі
Кәдімгі ақ футболка мен майканы әлем тұрғындарының 98%-і киеді екен. Оның әйелдерге, ерлерге, балаларға арналған түрі бар. Отандық тігін фабрикасының негізгі мақсаты – еліміздің тұрғындарына арнап денеге жайлы жеңіл жейде мен ішкөйлек шығару.
Шымкент қаласында орналасқан тігін фабрикасы нарыққа 2021 жылы шыққан. Бүгінде 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.