Аяқ киім өндірісі
Баламыз тәй-тәй басып жүре бастағанда ең алдымен маңыздысы - аяқ киімді дұрыс таңдау. Оның сапасына, денсаулыққа қауіпсіз болуына аса мән береміз. Ал таза былғарыдан жасалып, ортопедиялық болуы бірінші талап. Бүгін біз осындай балалар мен жасөспірімдерге былғарыдан аяқ киім өндіретін отандық зауыттамыз.