Президент жүктеген міндеттерді орындау | Мәжіліс Live
Елдегі саяси-экономикалық реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету депутаттардың тікелей міндеті. Заңдар заман талабына сай, әрі сапалы болу керек.
Бұл аптадағы мәжілістің жалпы отырысы Ерлан Қошановтың депутаттарға үндеуінен басталды.
Төменгі палата спикері Президентпен өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынын елдегі саяси өзгерістерден кейін болған ең ауқымды кеңес деп атап өтті.
Оған алғаш рет парламенттік фракция және комитет жетекшілері, облыс пен аудандық мәслихат төрағалары қатысты.
Елдегі оң өзгерістердің түпкі мақсаты азаматтардың тұрмысын жақсарту, деді Қошанов. Сондықтан депутаттарды белсенді атсалысуға шақырды.