Бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды | Мәжіліс Live

Осы аптада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Сенат пен Мәжіліс депутаттары Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджет атқарылуы туралы есебін талқылады. Мәжілісмендер бюджет орындалуындағы бірқатар проблемаларға тоқталып, мемлекеттік борыш, Ұлттық қор, несиеге қатысты өткір сауалдарын жолдады.