Қазақ-өзбек шекарасында бақылау күшейеді

Қазақ-өзбек шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейеді. Тиісті құжатты Мәжіліс ратификациялады. Яғни 2021 жылы жасалған келісімге сәйкес, құбыр және электр желілерімен тасымалданатын газды және мұнай мен электр қуатының көлемін қос тарап қатар қадағаламақ.