Отбасы жөніндегі агенттік керек пе? | Мәжіліс Live
Былтыр елде 140 мыңнан аса неке қиылып, 50 мыңға жуық жұп ажырасқан. Оның үстіне тұрмыстық зорлық-зомбылық та тыйылмай тұр. Тұрмысы қолайсыз, қиын жағдайдағы отбасыларда 12 мыңға жуық бала тұрады. Үкімет қабылдап жатқан мемлекеттік бағдарламалар аз емес. Бірақ олардың көмегі көзге көрінбейді. Осыған байланысты төменгі палата өкілдері Отбасы, әйелдер, балалар мен жастар істері жөніндегі агенттік құруды ұсынды.