Ұлттық қор активтері көбейеді

Келер жылы Ұлттық қордың валюталық активтері 68 млрд долларға жуықтайды, ал 2025-2026 жылдары 93 млрд долларға жетеді. Жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт 2 трлн тенге көлемінде болады. Мұндай болжам Мәжілісте тиісті заң жобасының таныстырылымында айтылды.