Құмар ойынға шектеу қою ұсынылды
«AMANAT» партиясы 25 жасқа толмағандарға құмар ойын ойнауға тыйым салуды ұсынды. Лудоманияға қарсы іс-қимыл жүргізудің әдіс-тәсілі мен букмекерлік кеңселердің қызметін реттеу мәселелері бүгін Мәжілісте фракциясының кеңейтілген жиынында талқыланды. Деректерге сүйенсек, елде 350 мыңнан астам адам құмар ойынның құрығына түскен