Жасанды интеллект орталығы құрылады

Astana Hub жанынан жасанды интеллект орталығы құрылады. Ол әлемнің озық тәжірибелері қолданылатын негізгі алаңға айналмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин Мәжілісте өткен отырыста мәлімдеді.