4 заң жобасы талқыланды
Мәжілістің жалпы отырысында 4 заң жобасы талқыланды.
- «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде
- ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде
- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне есірткі, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым)
- «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңының жобасы жөнінде (бірінші оқылым)
Жалпы отырысқа қатысқан Үкімет мүшелері:
Айдос Рысбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Лаура Мерсалимова, ҚР Әділет вице-министрі:
Мақсат Тұрлыбаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының басшысы;
Асқар Жамбакин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі;