Жаңа бюджет кодексіндегі жаңашылдықтар
Бұдан былай Ұлттық қор қаражаты тек өндіріске және елді мекендердің маңызды инфрақұрылымына жұмсалады. Осылайша қордағы байлыққа қол салу енді тыйылады. Ал "Самұрық-Қазынаның" кем дегенде 50 пайыз табысы, квазимемлекеттік компаниялардың 70 пайыз кірісі ел қазынасына құйылады. Мәжіліс жаңа Бюджет кодексін екінші оқылымда мақұлдады.