Қазақстанда жылына 100 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр
Биылғы 10 айда еліміз 73 жарым млн. тонна мұнай өндірді. Жыл соңына дейін 88,4 млн. тоннаға жетуі тиіс. Ал, 2026 жылдан бастап жыл сайын 100 млн. тонна қара алтын өндіру жоспарланып отыр. Бұл ірі жобаларды жүзеге асыру есебінен орындалады. ((Коллаж)) Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте мұнай саласының даму перспективаларына арналған Үкімет сағатында осылай деді. Алайда, депутаттар саладағы түйткілдерге тоқталып, шешу амалдарын жедел қолға алу керектігін жеткізді. Мәселен, жаңа геологиялық барлау-зерттеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Ішкі нарықта мұнай-газ өнімдеріне тапшылықты болдырмау мәселесі де назардан тыс қалмауы тиіс. Экологияға келтірілген зиян мен қалдықтар мәселесі де өзекті.