Мәжілісте 71 заң жобасы қаралып жатыр

Енді қыз алып қашқаны үшін жаза қатаңдайды. Депутаттар құжатқа енгізілетін түзетулерді әзірлеп жатыр. Жалпы Мәжілістің қарауында қазір  71 заң жобасы бар. Атап айтқанда Салық, Су, Құрылыс, Цифрлық кодекстері мен тұынушылар құқығын қорғау, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі, қаржы нарығын дамыту, әскери-патриоттық тәрбие, пошта секілді заң жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. Ал сессия басталғаннан бері 31 заң қабылданып, Сенатқа жолданды, 15 заңға Президент қол қойды. Осы аптада Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының қабылдауында болып, атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Мәжіліс Төрағасы төменгі палата заң шығару жұмысының ашықтығына, оған қоғам мен сарапшылар қауымдастығын тартуға ерекше мән беретінін айтты.