Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Ер Түріктің бесігі атанған киелі Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі. Мақсат түркі әлемінің рухани астанасын елдің мәдени, тарихи, туристік орталығына айналдыру. Тиісті заң жобасын осы аптада Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Құжатта Түркістанның археологиялық ескерткіштерінің резерватын құру көзделген. Жағымды жаңалық мұнымен бітпейді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңынан биік ғимарат салуға заңмен тыйым салынады. Бүгінде Түркістанға келетін саяхатшылардың қатары артып келеді. Былтыр 1,5 млн турист келсе, 2030 жылға қарай көрсеткіш 2 млн-нан асуы тиіс. Ол үшін 13 туристік жоба қолға алынып, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарда бар. Туризм демекші, жақын арада Түркістанға Мәскеумен Бакуден қатынайтын тікелей әуе рейстері ашылуы мүмкін. Қазір келіссөз жүріп жатыр.