Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі іске қосылады

Бүгінде елімізде бизнеске қолдау күшейіп отыр. Сәйкесінше төменгі палатаның бірінші оқылымда мақұлдаған құжаты экспортты арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен Ақтауда аяқ киім шығаратын фабрикасы бар. Ол тұтынатын шикізатының 80 пайызы Қазақстанда жасалған. Ал 20 проценті шетелден әкелінеді. «Соңғысының пайызы аз болып көрінгенімен, қалтаға салмақ түсіретіні мұңайтады. Себебі елімізде жоқ шикізатты өзге елден тасымалдауға мәжбүрміз», - дейді кәсіпорын басшылығы. Ал іске қосылғалы тұрған бірыңғай реестрге енсе, шығыны азаятынына сенімді.