Сотталған әйелдерге рақымшылық жасау ұсынылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары Мәжілісте талқыланды. Палата төрағасы Ерлан Қошановтың айтуынша депутаттар қоғамға қажет заңдарды қабылдаумен ғана шектелмей, олардың мәні мен маңызын халыққа түсіндіруі тиіс. Мәжіліс алдында қойылған басты міндет – Президент белгілеген мақсаттарды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету. Олардың қатарында ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу, ядролық энергетиканы дамыту мен агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және инвестиция тарту бар.