Жүрек ауруларының симптомдары мен оның алдын алу жолдары
Қазіргі қоғамда жиі кездесетін дерттердің бірі инфаркт. Жыл басынан бері Қазақстанда 6 мыңнан астам адамның жүрегіне ашық операция жасалды, тағы 55 мыңнан астам адамның жүрегіне интервенциялық процедуралар жүргізілді. Бүгінгі шығарылымда біз жүрек ауруларының симптомдары мен оның алдын алу жолдары туралы айтамыз.