Бас және мойын ісіктері қалай емделеді?

Даусыңыз қарлығып, құлағыңыз шыңылдаса, тамағыңыз жұтындырмай тұрса дәрігерге қаралыңыз. Өйткені бас және мойын қатерлі ісігінің бастапқы белгісі осындай болуы мүмкін. Бұл дерт қатерлі және қатерсіз болып екіге бөлінеді. Дегенмен қатерсіз деп күн өткізіп алмағайсыз. Бас және мойын қатерлі ісігінің қандай да бір түріне шалдыққан науқас дәрігерге мейлінше тезірек қаралса, тез әрі толыққанды жазылуға мүмкіндігі бар.