Саяхат. Түйесу құмы

Қарт Каспийдің жағасындағы Маңғыстаудың таңғажайып табиғаты көрген жанды өзіне еріксіз баурайды. Заманалар көшінде мүжіліп мүсінделген аппақ бор таулар, терең ойпаттар мен сусыған құм бәрі де бұл аймақтың өзіне тән ерекшеліктерінің бірі. Бүгін біз сіздерді Жаңаөзен қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Түйесу құмымен таныстырамыз. Өзіңізді Сахарада жүргендей сезінгіңіз келсе бізбен бірге саяхат жасаңыз.