Еліміздің ауылдарында интернеттің жай-күйі қалай? | Міндет пен меже

2019 жылдың желтоқсан айы. Қытайдың Ухань қаласында бұрын соңды болмаған ауру түрі анықталып, жаппай тарала бастады. Одан сақтанудың жалғыз жолы үйден шықпай оқшаулану. Бейсауат жүріп, бір жерге топтасуға тыйым салынды. Зауыт фабрикалардың жұмысы тоқтады. Біздің елде мемлекеттік мекемелер қашықтан жұмыс істеуге көшіп, жиындар мен сабақ онлайн форматқа ауысты. Дәл осы кезең елдің цифрлық саласындағы барлық кемшілікті ашып берді. Ал интернеті жоқ елді мекендер қоғамнган ажырап, хат-хабарсыз қалды.

2020 жылдың 1-ші қыркүйегі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында ел азаматтарының арасында цифрлық теңсіздікті жойып, 250-ден астам тұрғыны бар ауылға ғаламдық желіні жеткізуді тапсырды. Міндет атқарылып, межеге жеттік пе? «Міндет пен меже» бағдарламасының бүгінгі шығарылымында анықтауға тырысамыз.

«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.