Фермерлерді субсидиялаудың жаңа жүйесі қалай атқарылуда? | Міндет пен меже
Қазақстан аграрлық мемлекет. Кең байтақ далада төрт түлікті мыңғыртып, түрлі дақыл өсіруге болады. Осы мүмкіндікті пайдаланып жатқандар бар. Алайда аз. Өйткені агронеркәсіп кешенінде қордаланған мәселе көп. Соның бірі шаруаларды субсидиялау жүйесінде.
2017 жылдан бері ауыл шаруашылығын қолдауға мемлекеттен 2 трилион теңге жұмсалды. Десе де ауыз толтырып айтарлықтай ілгерілеу жоқ. Бармақ баст, көз қысты әрекетке барғандар шаруаны қолдауға берілген қаржыны талан-таражға салған. Сондықтан мемлекет басшысы үкіметке фермерлерді субсидиялаудың жаңа жүйесін жасауды тапсырған болатын. Міндет атқарылып, межеге жеттік пе?
«Міндет пен меже» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.