Биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі біріктірілді | Міндет пен меже

Биылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек қаражаты біріктірілді. Биыл бұл 2,5 триллион теңгені құрайды. Бұған дейін қор медициналық қызмет көрсететін мекемелермен 2 келісімшарт жасасып келсе, енді барлық қызмет түрі тек 1 келісімшартпен қамтылатын болды. Мұндағы мақсат - қаражатты әкімшілендіруді оңайлату және оны тиімді пайдалану.