Жол құрылысы бойынша Қазақстанда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? | Міндет пен меже
Жолдың жай-күйі ішкі және сыртқы сауданы дамытудың маңызды факторларының бірі. Транзиттік тасымалдың табыс көзіне айналуы соған дәлел. Бірақ әлі күнге дейін елімізде пайдалануға берілген немесе жаңадан салынып жатқан жолдың кейбірі талапқа сай болмай тұр.