Қуғын-сүргін құрбандарына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды | Міндет пен меже
Көктемнің соңғы айы мамырдың 31-ші жұлдызы күллі қазақ елі аза тұтады. Бұл күннің ел күнтізбесіне ресми енгеніне биыл 26 жыл. Осы уақыт аралығында қуғын-сүргін құрбандарына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Жазықсыз жазаланғандардың есімдері анықталып, қуғындалуға себеп болған жағдайлар зерттелді. 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау туралы мәселе көтеріп, мемлекеттік комиссия құру жөнінде жарлыққа қол қойды. Басты міндет - қазақ ауылын жаппай қуғын-сүргінге ұшыратқан саясатты зерделеп, зерттеу. Ол қалай жүргізіліп жатыр?