Алматы жылу беру кезеңіне қызу дайындық үстінде

Елімізде жылу мен электр энергетикасын тез арада жаңартпаса, осы онжылдықта бұл жүйе барлық өңірде жаппай күйрей бастауы мүмкін. Себебі еліміз тәуелсіздік алғалы бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген нысандар бар. Ал жүдеп-жадаған желілер қаншама?! Бүгінде оларды жаңартып, жөндеуге жүздеген миллиард теңге қажет.