Интернетке қолжетімділікті арттыру қажет
Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторы – цифрлық даму. Ал ол үшін интернетке қолжетімділікті арттыру қажет. Бұл Мемлекет басшысы қойған маңызды міндет. Себебі елімізде цифрландыру әлі де кемшін. 1500-ге жуық ауылда интернет жоқ. Ал интернет жеткен елді мекендерде сапа сын көтермейді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы халықты қолжетімді әрі сапалы интернетпен қамтамасыз ету керегін қадап айтып, Үкіметке үлкен жауапкершілік жүктеді.