Елімізде тіршілік нәрі азайып барады
Қазақстан бұрын-соңды болмаған сын-қатерге тап болды. Елімізде тіршілік нәрі азайып барады. Жаз кезінде Жамбылда егін салған диқандардың су жетіспеушілігінен еңбегі еш кетіп, шығынға батқаны, бас қалада орнаған күрделі ахуал соның айқын дәлелі. Сарапшылардың айтуынша, жыл өткен сайын бұл мәселе күрделене түседі. Мәселен, 2040 жылдарға қарай су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін. Сондықтан су саясатын дұрыс жүргізу, трансшекаралық су пайдалану мәселелерін шешу, халықты үнемшілдікке үндеу – үкімет алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Ал ол қалай атқарылып жатыр?